«ҚазАзот» АҚ Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасын өндіретін жалғыз компания. Кәсіпорын отандық экономиканың азотты минералды тыңайтқыштарға деген сұранысын толық қанағаттандыра алады.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – тұтынушыларды арзан әрі жоғары сапалы минерал тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, әрі тұрақты өндірісті қолдау. Аммиак өндірісіндегі негізгі шикізат – табиғи газды «ҚазАзот» АҚ өзінің «Шағырлы-Шөмішты» кен орнынан алады. Қазір ішкі нарыққа өнімнің 60%-ы жеткізіледі. Дайын өнім ел аумағымен қатар, алыс-жақын шет елдерге де сатылады. Негізгі импорттаушылар: Түркіменстан, Украина, Грузия, Әзірбайжан, Балтық елдері, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Болгария, Америка Құрама Штаттары және т.б. Түйіршіктелген аммиак селитрасы мен сұйық аммиак тұтынушыларға темір жол және теңіз арқылы жөнелтіледі.
Кәсіпорын аумағында аммиак, азот қышқылы, химиялық реагенттер, жанар-жағар май материалдары қоймалары және сыйымдылығы 10 000 т болатын дайын өнімдер қоймасы, сондай-ақ материалдарды, қосалқы бөлшектерді және ТМЦ сақтау орындары бар. Жалпы сыйымдылығы 4 000 т болатын 100 дана темір жол цистерналарына да ие.
Аммиак пен аммиак селитрасы өндірісін тұрақты деңгейде ұстау үшін ҚазАзот компаниясы «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында, жылына 14,95%-бен 60 ай мерзімге несие алды. Оның 8,95%-ы мемлекеттік бағдарлама аясында субсидияланы. Кәсіпкер айырмасын, яғни 6% мөлшерлемемен өтейді.
Мекенжайы: ҚР, Маңғыстау обл., Ақтау қ. 21 ш / а
Тел: 8 (7292) 579-887
Электронды пошта: kazazot@kazazot.kz
Сайт: http://www.kazazot.kz