info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алматы облысында тамшылатып суарудың жаңа технологиясы енгізілді

Жаңалықтар
24.08.2017

«Pattaya Spa» ЖШС 2010 жылы құрылды. Компания негізінен спа, әр түрлі сергітетін массаж, сауна, хамам, тай тамақтары бойынша қызмет көрсетеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қаржыландыру кәсіпкерлерді жаңа биіктерді бағындыруға итермелейтіні жасырын емес. Бұл «Pattaya Spaны» да айналып өтпеді. ЖШС «ISD-A» компаниясымен белсенді түрде ынтымақтаса отырып, ауылшаруашылық саласында озық жоба дайындады. Ол - автоматтандырылған жылыжай кешенін ашу жобасы еді. «ISD-A» ЖШС бағдарламамен қамтамасыз етуге маманданған. Мысалы таудағы «Медеу» спорт кешені, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты және тағы басқа орындарда қызмет көрсетеді. Қызмет көрсететін нысандарда құрал-жабдықтар мен өздері құраған бағдарламалар орнатылған. Олар кейбір тұста шетелдік аналогтарынан жоғары.

«Ресейлік әріптестермен тәжірибе алмаса отырып, біз қол жеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмай, бағдарламамен қамтамасыз ету, аппараттық кешен жасаумен айналысудамыз. Тобымыздағы мамандар жоғары білімді, білікті. Тек Ресейдің бағдарлама-аппараттық кешендерімен ғана емес, олардың отандық аналогтарымен де жұмыс істейді», - дейді компанияның директоры Жанат Байғарин.

«Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласқан кәсіпкер өз жобасын іске асыруға кірісті. Алдымен Алматы облысы Ұйғыр ауданынан жалпы аумағы 16 710 шаршы метр болатын жер телімін алды. Оған қияр өсіру мақсатында автоматты тамшылатып суару жүйесі бар, тыңайтқыштар мен химиялық қорғау құралдарын кіргізілген, топырақты және ауаны жылытатын қазіргі заманғы жылыжай кешенін салуға кірісті.

Жобаға пайдаланып жатқан жабдықтары Ресейлік және Еуропалық жабдықтардан елу пайызға арзан. Себебі көбі өз қолдарымен жетілдірілген. Жоба негізінен Алматы облысының тұрғындарына жылыжай кешенінің өнімдерін арзан бағамен жекелеп сатуды көздейді. Шамамен нарықтағы бағадан 10%- ға төмен болады. Бұл да жаңа технологияның арқасында мүмкін болып отыр.

Клиент Ресей Жинақ Банкінен несие алды. Кепілдікті «Даму» Қоры берді. Қазір жылыжай кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.