«Орынбасар Данияр Асқарұлы» ЖК 2019 жылы мамырда тіркелді. Бастапқыда жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысты. Кейіннен автокөлікпен жүк тасымалдау қызметін көрсете бастады. Яғни, сапалы қызмет көрсететін бизнестің жаңа бағытын ашуды жоспарлады. Ал ол үшін тіркемесі бар SHACMAN техникасы қажет. Данияр қажетті техниканы сатып алуға ниет шартын және сатып алған автокөлікпен қызмет көрсету шартын жасады. 1 жүргізушіні жұмысқа алды.
Данияр осы кезде мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдау көрсететінін біліп, Даму кәсіпкерлікті дамыту Қорының Ақмола филиалына жүгінді. Мамандардан қажетті ақпаратты алып, барлық қажетті құжаттарды жинап, Қор «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақмола филиалына келді. Банк жобаны қарап, 5 жылға 33 200 000 теңге қаржыны жылына 14,25%-бен ұсынды. Даму Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайызын субсидиялап, несие сомасының 33%-ына кепілдік берді. Данияр осы тиімді шарттың арқасында қажет техникаға қол жеткізді.
Бүгінде бірде-бір компания жүк тасымалдау қызметіне жүгінбей қалмайды. Бұл қызмет түрін ұсынушылар көп болғанмен, басты талап - жылдам және сапалы қызмет болуы керек. Компанияның табысы осыған тікелей байланысты. Кәсіпкер Орынбасар Данияр Асқарұлына табыс тілейміз!
Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.