info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Кәсібилік және ретті логистика - TAUEKEL-Beton компаниясының басты артықшылығы

Жаңалықтар
21.05.2020

«TAUEKEL-Beton» ЖШС – құрылысқа қажет бетон және басқа да қоспалар шығарады. Толықтай жабдықталған зауыт төрт маусымда да жұмыс істейді. Алматы қаласында ең тиімді бағамен жоғары сапалы құрылыс бетонын өндіреді. Атап айтқанда әрқайсысы 70м3 қуаты бар бетон ағатын екі тораппен жабдықталған және бетонның барлық маркасын, сондай-ақ сульфатқа төзімді, гидрофобты және құрғақ бетон ұсынады. Өнім сапасы зауыттың жеке зертханасында анықталып сәйкестік сертификатымен расталады. Әр партияға паспорт беріледі. Өндірісте қолданылатын барлық материал стандарттарға сәйкес.

< blockquote > Өз зауытын сатып алу, құрал-жабдықтарды орнату және айналым қаражатын толықтыру мақсатында «TAUEKEL-Beton» компаниясы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жылына 14,5%-бен несие алды. Оның 8,5%-ын мемлекет субсидиялайды. Кәсіпкер қалған соманы 6%-бен өтейді.

«TAUEKEL-Beton» «Nurtau Group» компаниялар тобына кіреді, қаланың батыс бөлігінде, Теректі шағын ауданында, "Апорт" сауда орталығы ауданында орналасқан. Сондай-ақ 15 автобетонараластырғыштан тұратын жеке автопаркі, 37, 42 және 46 метрлі 3 бетон таситын көлігі бар. Олар Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша өнім жеткізеді.

Мекен-жайы:

Қазақстан, Алматы, Теректі ш.а., Құрылыс, 1 көш.

Телефондары:

+7‒701‒255‒67‒77

+7‒707‒111‒76‒53

+7‒700‒710‒66‒14

Сайты: www. tauekelbeton.kz

@tauekel.beton