«Turan-Skin» тері зауыты: «Ең бастысы – сапа»

Жаңалықтар
27.05.2020

«Turan-Skin» ЖШС 2002 жылдың тамыз айында құрылып, ұсақ және ірі қара мал терісін өңдей бастады. Бір-екі жыл ішінде «Wet-Bleu» тері илеу цехын ашты. Онда тері өңделгенге дейінгі хромдау процесінен өтеді. Сөйтіп, 2004 жылдан бастап осы кезге дейін кәсіпорын ірі қара және ұсақ мал терісін өңдеп, илеп, тігінге арналған жартылай фабрикаттар жасап, бояп, басқа клиенттерге де осы қызмет түрлерін ұсынып келеді.

Фото 2.jpg

Түрік, Италия, Қытайдың озық жабдықтары мен отандық сапалы шикізатты пайдалану – бағаны өте қымбаттатпай, сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өндірістің әр кезеңінде шикізат мұқият іріктеледі. Егер ақау табылса немесе стандарттарға сай келмесе тері дереу қайта өңдеуге жіберіледі. Жалпы алғанда, тері 6 түрлі деңгейде тексеріледі. Сөйтіп тұтынушыға тек таңдаулы былғарыдан жасалған өнім жетеді.

Қазақстандағы ең үлкен тері зауыттарының бірі, жоғары сапалы дайын былғары өндірісін алғаш құрған – «Turan-Skin» компаниясының өнім сақтау қоймасының аумағы 6,6 мың шаршы метрді құрайды.

Фото 7.jpg

Айналым қаражатын толтыру қажет болған кезде компания «АТФ Банк» АҚ-арқылы 9%-бен несие алды. Оның оның 3%-ын «Даму» Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы аясында субсидиялады.
Біз ірі қара мен ұсақ мал терісінен ақтан қызылға дейінгі түрлі-түсті былғары мен «Wet-Bleu» жартылай фабрикаттарын шығарамыз. Компания құрылған 2002 жылдан бері біз өте жоғары нәтижелерге қол жеткіздік. Теріні көтерме және бөлшек сату бойынша Қазақстандағы көшбасшылардың біріміз. Біздің серіктестігіміз Ресей, Қытай, Иран, Түркия және Италия сияқты елдерді қамтиды», - деді «Turan-Skin» компаниясының директоры Пархат Исабаев.

Тел: +7 (700) 024 04 10

сайт: www.turan-skin.kz

e-mail: turan-skin@mail.ru