info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС өндіріс ауқымын кеңейтті

Жаңалықтар
28.05.2020

Бүгінгі кейіпкеріміз – Тараздық кәсіпкер Сәуле Сатыбалдықызы.

Жанабекова Сәуленің табыс тарихының бастауы 2015 жылы бұрынғы автотұрақтың қараусыз қалған аумағын алып, іске жаратпақ болған кезде басталды. Алдымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы несие рәсімдеп, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 3-Б мекенжайында орналасқан ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, құрал жабдықтар сатып алуға тырысты. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан несиенің пайызының субсидияланып, Даму Қоры атынан берілген кепілдік үлкен көмек болды.

Вафли шығаратын және орайтын өндірістік желі сатып алған соң 2017 жылы вафли фабрикасы іске қосылды. Осы уақытқа дейін Жамбылдықтарға дәмді, сапалы вафли ұсынып келген компания биыл жаңа бағытқа бет бұрды. «Сәуле» кондитерлік фабрикасы ЖШС «Даму» Қорының қолдауымен айналым қаражатын толықтырып, нәтижесінде фабрикада шығатын өнім түрлерін көбейтті. Енді вафлимен қатар печенье, торт, ұннан жасалған көптеген кондитер өнімдері мен какао, шоколад және қантты тәттілер шығарыла бастады.

+7 (777) 412-22-22

info@saule.company

www.saule.company

instagram: @saulekf.kz

@saule_torti

Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.