info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауда автосервис қызметі көбейіп келеді

Жаңалықтар
01.06.2020

Көліктің күтімі мен жолдағы қауіпсіздік - сапалы автосервис қызметімен тығыз байланысты. Атыраулық автосүйерлер бүгінде жаңа, мінілген көліктерді сатып қана қоймай, логистикалық, сапалы техникалық қызмет көрсетіп,  бұзылса жөндеумен айналысатын «West Star Motors» ЖШС қызметтерін 2014 жылдан бері пайдаланып келеді. Бұл компания Ford, Isuzu, Hyundai, Jeep, Iveco секілді брендтердің жеңіл, жүк, жолаушы және арнайы автомобильдерінің қосалқы бөлшектері мен жабдықтарын да өзі ұсынады. Mersedes Benz, ISUZU, Ford сияқты атақты брендтердің Атырау қаласындағы ресми дилері.

2018 жылы орасан сауда көлемінің арқасында Daimler AG концерні компанияны Батыс Қазақстан аймағы бойынша «Mercedes-Benz» премиум брендінің ресми дилері ретінде сертификаттады.  

image-25-05-20-06-19.jpeg

< blockquote > Сервис аумағы бар автосалон кешенін сатып алу керек болғанда «WEST STAR MOTORS» ЖШС «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы 14,25 пайызбен несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарыз сомасының 5,7 пайызын субсидиялап, 50 пайызына «Даму» Қорының ккепілдігін пайдаланды.