Гүл бизнесі - әлемдегі ең танымал кәсіптер бестігіне кіреді.
Жаңаөзендік Бақтықожа Орысбаев 5 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді. Мүгедектігіне қарамастан тұрмыста белсенді, жақсы ақша табады, мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың құқы үшін күресіп жүр. Оның айтуынша, біздің елде мүгедек адамға бизнесте де, күнделікті тұрмыста да жетістікке жету оңай емес. Бірақ табанды азамат мүгедектікке төленетін 28 000 теңге жәрдемақысын жинап 2015 жылы гүл сататын алғашқы дүкенін ашқан.
Бұл бизнесте сұраныс мол екенін байқаған кәсіпкер гүл дүкенін ашу үшін арнайы курстар оқыды. Тіпті Еуропадағы үздіксіз білім беру курстарына да қатысқан. Кез-келген бизнестің мәні - қызмет көрсету, табыс табу және ұдайы дамып отыру. Өнімге сұраныс тез артып келе жатқанын байқаған Бақтықожа гүл сататын екінші дүкенін ашпақ болды.
Бұл жобаны жүзеге асыруға «Еңбек» бағдарламасы сеп болды. Кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы аталған бағдарлама аясында 5 жыл мерзімге 6%-бен несие рәсімдеді. «Даму» қоры кепілдік берді.
Бүгінгі таңда Бақтықожа Орысбаевтың гүл сататын дүкені халық арасында танымал болып, тұрақты клиенттерінің қатары көбейген.
Тел: +7 708 566 00 02
Мекенжайы: Ақтау қаласы, 7-үй, 12-ғимарат.
Инста: @biznesbuket; @biznesbuket_aktau
Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз.