info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Даму Қорының СҚО филиал өкілдері балаларға базарлық апарды

Жаңалықтар
03.06.2020

Даму Қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері отбасылық балалар үйіне барып, мерекеге орай базарлық үлестірді. Балалар күнінің құрметіне Қор қызметкерлері барлық жас өскіндерге спорттық аяқ киім сыйлады.

Қор әріптестері де қалыс қалмады.  «Вторсырьё» ЖШС директоры Қайыржан Айсан футбол  доптарын апарса, «Matex» ЖШС директоры Арамаис Тер-Аствацатурян өздері шығаратын шұлықтарын берді. «ViZaVi Company» ЖШС басшысы Лейла Сайдашева мен Gelateria «Piccolino» қожайыны Асхат Заикин  өздерінің тәттілері мен балмұздақтарынан дәм ұсынды.