Талдықорған каласында «EvaRt» репродуктивті денсаулық орталығы ашылды

Жаңалықтар
04.06.2020

26 жылдық тәжірбиесі бар дәрігер-гинеколог Ирина Кудинова Талдықорған қаласында бала туу жасындағы қыз-келіншектердің саны 29 230-ге жуық екенін жеке зертеулер арқылы анықтап, шағын-гинекологиялық клиника ашуға үлкен сұраныс бар екеніне көзі жеткен соң өз саласында жеке бизнес ашуға шешім қабылдады. Себебі бүгінгі күнде медициналық қызмет көрсету - бірден бір сұранысы көп сала және бизнестің тұрақты табыс көзі.

«Даму» Қорының қолдауымен кәсіпкер «Еңбек» бағдарламасын пайдаланып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 6%-дық несие алды. Кепілдік жетпейтін бөлігіне «Даму» қоры кепілдік берді. Қаражатты Ирина медициналық жабдық сатып алуға жұмсады.

Кудинова Ирина Геннадьевна - гинекология саласындағы жоғарғы білікті де білімді маман. Қазіргі күнде қала орталығынан жалға ғимарат алып, кәсіпкер «EvaRt» репродуктивті денсаулық орталығын ашты.

Мекен- жайы: Талдықорған қ., Шевченко көш, 130А