Қазақстанда өсетін, сирек кездесетін қызылмияның емдік қасиеті баршаға белгілі. Ата-бабамыз да мұны жақсы білген және өсімдікті дәрілік мақсатта шебер қолданып отырған. Қазір мия тамырын кондитерлер де тағамға пайдаланады. Сондай-ақ мырыш шығаратын кәсіпорындар да осы сия тамырына тәуелді. Себебі бұл элемент өндірісінде мия зиянды газдарды залалсыздандыруда таптырмайды. Мия тамырынан тыныс алу жолдары, асқазан-ішек жолдары, бауыр, қан аздықты емдейтін препараттар жасалады. Жалпы иммунитетті қалыпта ұстап тұруда да пайдалы.
Қазақстандағы ғасырдан астам тарихы бар мия өндірісі саласы тоқырау жылдары құлдырай бастады. Бұған Фоняков Владимир Георгиевич бей-жай қарай алмады. Алтынға бергісіз шикізаттан өнім алу ісінің тоқтап қалғанына жаны ауырған, әрі кезінде қызмет еткен кезде осы саладан хабары болған ол 2007 жылы «Лакрица приуралья» ЖШС құрып, қызылмияны өңдеуге кірісті. Кәсіпорын алғашқы қалыптасу кезеңдері оңай болмады. Кейбір жабдықты өздері жасады, шет елден де іздеген күндер болды. Владимир Георгиевич және оның көмекшілері нарықта өз орнын табу үшін көп уақыт пен күш жұмсады.
Компанияның еңсе көтеруіне мемлекеттің бизнеске деген қолдауы сеп болды. Владимир Георгиевич «Еуразиялық банк» АҚ арқылы несие алып, жобасына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша қолдау алды.
Бүгінгі таңда «Лакрица Приуралья» ЖШС өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, Қытай және Кореяға экспорттайды. Сонымен қатар ол Үндістан мен Еуропалық Одақ елдерінің нарықтарына шығуды жоспарлап отыр.
Мекенжайы: БҚО. Орал қаласы. Краснодарская, 2/1
Телефон: 87055772560
e-mail: fonyakov57@mail.ru