info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атбасарда жаңа дәмхана ашылды

Жаңалықтар
10.06.2020

Ақмола облысының Атбасар қаласында «NUR JOL» атты дәмхана ашылды. Кәсіпкер Кулиев Эльмир Ризванович 2019 жылы Екатеринбор-Алматы тас жолы жолы бойынан жолаушылар тоқтап, дәм тататын орын ашу үшін жер телімін сатып алды. Ал құрылыс жұмыстарына мемлекеттен қолдау алу мақсатында «Даму» Қорына жүгінді.

 

Қор мамандарының көмегімен «Қазақстан Халық Банкінен» несие алу үшін құжатарын жинап, жылына 14,25%-бен, 60 айға 13 800 000 теңге несие алды. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қоры сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ын субсидиялады. Сондай-ақ Қор 6 878 200 теңге немесе несиенің 50%-ына кепілдік берді.

«Nur JOL» дәмханасының негізгі клиенттері Атбасар қаласы мен Атбасар ауданының тұрғындары және осы тас жол бойымен жүретін жолаушылар. Бұл жерде салтанатты шаралар өткізу де жоспарлануда. Эльмир дәмханасының ыңғайлы жерде орналасуы, бағаның аса қымбат еместігі және кәуаптарының дәмділігінің арқасында бәсекеге төтеп берем деп отыр.

 

Мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар қаласы, Екатеринбор-Алматы тас жолы 997/1

Телефон: 8 775 971 1111.

@kafe_nur_jol_atbasar