«Жаңатас Сервис» ЖШС фронталды жүк тиегішін сатып алды

Жаңалықтар
09.06.2020

Жамбыл облысында «Бизнес Авто ШОБ» жаңа бағдарламасы аясында «Даму» Қоры, «Еуразиялық банк» АҚ және «Жаңатас Сервис» ЖШС арасында үшжақты кепілдік шартына қол қойылды.
PHOTO-2020-04-19-14-36-01 (1).jpg

ЖШС 2016 жылдан бері жұмыс істейді. 60 адам еңбек ететін компания коммерциялық, өндірістік, өнеркәсіптік нысандар мен үй-жайлардың ауласы мен айналасын кәсіби жинаумен айналысады. Жұмыс барысында кәсіби жабдықтар мен химиялық құралдарды пайдаланып, білікті мамандарды тартуға баса назар аударылады. Болашақта компания ұзақ мерзімді қызмет көрсету үшін ірі тапсырыс берушілерді іздеп, басқа өңірлерге де шығуды жоспарлауда.

Қызмет ауқымын арттыру үшін компанияға жаңа фронтальды жүк тиегіш қажет болған кезде кәсіпорын басшысы мемлекеттің қолдауына жүгінбек болды. Анель Андабекқызының айтуынша, «Даму» Қорының қолдауы клинингтік қызметтер ауқымын арттырып нарықта нық қадам басуға мүмкіндік береді.
Үшжақты кепілдік шартына сәйкес, кәсіпорын «Еуразиялық банк» АҚ арқылы 14%-бен 17,0 млн теңгені 3 жыл мерзімге алды. Оның 7%-ын «Даму» Қоры субсидиялап, банк алдында кепілдік берді.
Мекенжайы: Жамбыл облысы, Жаңатас қаласы, 4 ш/а. 7-үй
Тел: 8775 436 16 36