Балдәурен әлем

Жаңалықтар
10.06.2020

Өмірбаев Мақсат Маратұлы 6 топтан тұратын балабақшаның иесі. Онда барлығы 150 бала бар. Кәсіпкер қосымша 4 топқа (100 балаға) арналған жаңа балабақша ашуды жоспарлап отыр. Оның  жалпы алаңы 0,1435 га. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл а/о, Төрткүл ауылы, Сағынбек ата көшесі, № 10 үде орналасады.

Әр топ 25 баладан тұрады. «Bal-Balausa» ЖШС өз қаражаты есебінен жаңа балабақша салуды да жоспарлап отыр. Несиелік қаражатпен беседка мен ойын алаңдары орналастырылатын аумақты жабдықтап, жасылдандырып жоспарлануда. Кәсіпкер жұмысшылар санын 10-15 пайызға арттырып, кірістердің 10 пайызға өсуін қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын көбейтуді жоспарлап отыр.

 Мақсат Маратұлы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға шешім қабылдады. «АТФ Банк» АҚ клиенттің өтінішін зерделеп, комиссияның субсидиялау негізінде кәсіпкерге қарызды мақұлдады. Кәсіпкерге балабақшаны жабдықтауға жылдық 14% -бен 16 200 000 теңге мөлшеріндегі несие мақұлданды.

8 (702) 140-30-00