Самалдың сәнді корпелері

Жаңалықтар
11.06.2020

Ақтөбеде ұлттық нақышта төсек-орын тігіп, сатумен айналысатын «Бесаспап» қыз жасауы шеберханасы» 4 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бұл бизнестің қожайыны - танымал журналист Абдрахманова Самал Қаражанқызы. 2015 жылы журналистикамен қоштасқан соң, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өз үйінен павильон ашқан ол көптен күткен арманына қол жеткізді.

предпр.jpg

Табанды еңбек, өз ісіне деген сенімнің арқасында көп ұзамай табыстың ауылы көріне бастады. Қысқа мерзім ішінде «Бесаспап» қыз жасауы» бренді пайда болды, 4 адам жұмыспен қамтылып, Instagram парақшасына 50 мыңнан аса адам тіркелген.

Өнім тек қалада ғана емес, сонымен қатар өңірлерде де сұранысқа ие. Әсіресе қыз ұзатып, жасау дайындаған аналардың іздейтіні – осы шеберхана. Сапасы күмән тудырмайды. Негізінен: көрпе, жастық, төсек жапқыш, төсеніш сияқты жабдықтар жасалады. Клиенттің қалауына орай жеке тапсырыс беруге де болады.

«Даму» қорының қолдауымен Абдрахманова Самал АТФ банк арқылы 14 пайызбен несие рәсімдеді. Қор «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие сыйақы мөлшерлемесінің 7 пайызын субсидиялады. Сондай-ақ Қор банк алдындағы кепілзат жетіспеуіне байланысты 50 пайызына кепіл болды.

Самалдың тағы бір арманы - ұлттық нақышта дизайнерлік киімдер брендін шығаруды жолға қою. Қол жетімді бағада әйелдердің сырт киім түрлерінің барлығын тігу де ойында бар. Біз кәсіпкерге сәттілік тілейміз!

@kyz_zhasau_5aspap

+7 777 961 20 18