info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Қазфосфат» ЖШС - құрамында фосфор бар өнім өндіретін жетекші компания

Жаңалықтар
12.06.2020

«Қазфосфат» ЖШС - Қазақстан аумағындағы өз меншігінде фосфаттарды өндіруден бастап, темір жол-көлігімен жеткізуге және соңғы өнімге өңдеуге дейін толық желісі бар бірегей компания. Компанияның жүк айналымын қалыптастырудағы негізгі орын теміржол-көлік кешені филиалына тиесілі. Ел ішінде тасымалданатын, экспортталатын немесе импортталатын Қазфосфат жүктерінің басым бөлігі вагондарда, жартылай вагондарда, цистерналарда және жылжымалы темір жол құрамының басқа да түрлерімен жүзеге асырылады.

«Қазфосфат» компаниясының негізгі қызметі – фосфор кенін өндіру және қайта өңдеу, шикізатты байыту және қайта өңдеу, минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және құрамында фосфор бар өнімдер өндіру. Өнім негізінен экспортқа және ішінара ҚР ішкі нарығына сатылады.

2020 жылдың басында аммофостың минералды тыңайтқыштарын өндіру бойынша бірінші кешенін салу жөніндегі жаңа жобаны іске асыру үшін компания «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан жылына 15%-бен қарыз алды, оның 9% - ын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры субсидиялайды. Қаражат құрылысқа, жабдықтар сатып алуға жұмсалды.
Компанияның қызметі Қазақстанның химия саласының кәсіпорындарын дамыту бойынша басым міндеттерді шешуге, бәсекеге қабілетті сапалы өнімі бар әлемдік нарыққа шығуға, шикізатты өңдеудің жоғары деңгейінің нәтижесі болып саналатын жоғары технологиялы тауарларды жеткізуші ретінде Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Байланыс:

ҚР, Алматы қ., мкр.Самал 1, 1А үй

Тел.: +7 727 330 56 00, 305601, 305611

Е-mail: almaty@kazphosphate.kz

Сайт: www.kazphosphate.kz