menu
Жабу

«Elegant» - эксклюзив қалпақтар салоны

Жаңалықтар
22.06.2020

«Elegant» эксклюзив қалпақтар салоны» 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сол уақытқа дейін «Elegant» компаниясы қызметкерлерінің ұжымы Алматы Бас киімдер фабрикасының сынақ цехы құрамында болған. Жоғары білікті цех мамандары мемлекеттік бағдарлама аясында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің ұлттық нышандары мен формалық стилін жасау бойынша жұмыс істеді, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік органдары үшін бас киімдердің эскиздері мен үлгілерін әзірледі. Осы салада жеткен жетістіктері мен марапаттары жетерлік.

Компанияның стилист-шеберлері күш құрылымдары, авиация, темір жол және т. б.сала қызметкерлері үшін бас киімдер жасап шығарды. Сондай-ақ өнеркәсіп, медицина мекемелері, тамақ өнеркәсібі, коммерциялық фирма қызметкерлерінің арнайы киімдерінің жиынтығына кіретін бас киімдерді де әзірлейді. Барлық киім үлгілеу саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Ұлттық нақыш, клиенттің жеке ерекшеліктері, қалауы мен стилін дөп басады.

2020 жылдың мамыр айында компания «ForteBank» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға жылына 14,5%-бен несие алды. Оның 8,5%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында субсидиялап, нәтижесінде кәсіпкер қарызын жылына 6%-бен төлейді. Мұнымен қатар, «Даму» Қоры ішінара кепілдік ұсынды.

Мекенжайы: Алматы қ., Федоров к-сі, 21.

Тел: +7 727 270 65 05 кеңсе, +7 727 270 65 05 факс.

Сайт:www.salonelegant.kz/articles/statya

Email: info@salonelegant.kz; salon_elegant@mai.ru.

Даму Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз