«Европак корпорациясы» ЖШС - орау материалдарының ірі өндірушілерінің бірі

Жаңалықтар
23.06.2020

«Европак корпорациясы» ЖШС орау материалдарын өндіру нарығында 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Компания директоры Новоселов Виктор Сергеевичтің айтуынша, өндірісті іске қосу және компанияны ашу алдында нарыққа талдау жүргізген кезде өнімдердің дені Қытайдан әкелінетіні анықталды. Сөйтіп, өнімнің өзіндік құнын есептей келе Қазақстанда өндірісті іске қосу мүмкіндігін анықтады. Бастапқыда 2017 жылы майка пакеттер өндірісі іске қосылды. 2018-да компания қап шығаруға кірісті.

IMG-20200605-WA0027.jpg

Компанияның сапалы өнімдері тұтынушылар арасында кең сұранысқа ие. Виктор Сергеевич өнім сапасына шикізат пен жабдықтың әсері мол екенін атап өтті.

«2018 жылы біз алғаш рет "Нұрбанк» АҚ арқылы «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша 6%-дыө несие алып, мемлекеттік қолдауды пайдаландық. Қаражат шикізат сатып алу және жабдықтар сатып алу үшін қажет болды. Төмен пайыздық мөлшерлемеден басқа, компанияға «Даму» Қоры кепілдік түрінде де қолдау көрсетті. Менің ойымша, кепілдік беру - қолдаудың өте маңызды құралы. Кез келген кәсіпкер несие алуда өз кепілдігінің жетіспеуіне тап болады. Мұндай жағдайларда Қор кепілдігі - нағыз құтқару құралы. Біздің компанияға «Даму» Қоры несие сомасының 50% мөлшерінде екі рет кепілдік берді. 27 850 000 теңге сомасына бір кепілдік алғанда біз шикізат сатып алуға несие рәсімдеген едік. 17 900 000 теңге мөлшерінде екінші кепілдік кезінде буып-түю станогы, полиэтилен пленкалар өндіретін желілер, сондай-ақ пакеттерді кесуге арналған автоматты станок сатып алдық», - дейді компания басшысы.

«Европак корпорациясы» ЖШС шығаратын өнімдерін жетілдіріп отырады. 2020 жылы компания «Нұрбанк» АҚ арқылы пакеттерді кесуге арналған қосымша жабдықты сатып алуға 20 200 000 теңге көлемінде несие алды. Өңдеу өнеркәсібі саласында ШОБ қолдау бағдарламасы бойынша мөлшерлеме 6%-ды, "Даму" Қорының 50% кепілдігі 10 100 000 теңгені құрады.

Тел. 8 705 408 35 42

Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіп аймағы 97/1

Директор – Новоселов Виктор Сергеевич