Жамбыл облысында «Қордай-Корм» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі» қолдау алды

Жаңалықтар
23.06.2020

«Қордай-Корм» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі» 2017 жылдан бастап жұмыс істеп тұр. Соңғы жылдары жұртшылық мал асырап, бордақылауға бет бұра бастағанда Қордай ауданында мал азығынан тапшылық жиі байқалып жүрді. Нарықтағы сұранысты дер кезінде аңғарған Қордай-Корм» АӨК» ӨК өндірістік базаны жалға алып, минералды-теңдестірілген жем өндіре бастады.

«Қордай-Корм» АӨК» қолда бар жабдықпен бір ауысымда 14 тонна күнбағыс дәнін өңдей алады. Нәтижесінде суық сығу әдісімен бір ауысымда 4 800 кг күнбағыс майы мен 7 000 кг күнбағыс күнжарасын алады. Сонымен қатар, бір ауысымда май мен шротқа қажетті 4 800 кг майлы сояны қайта өңдейді. Нәтижесінде бір тәулікте 960 кг соя майы мен 3 800 кг соя шротын алады. Ал осындай уақыт ішінде шығатын ірі қара малға қажет құрама жем көлемі 8 тоннаға жетеді.

2019 жылы тауыққа арналған құрама жем өндіретін құрал-жабдықтарды сатып алып, өндіріс кешенін кеңейту керек болған кезде «Қордай-Корм» АӨК» ӨК «Еуразиялық банк» АҚ арқылы «Даму–Өндіріс» бағдарламасы аясында жеңіл несие алды. Сондай-ақ кепілзат жеткіліксіз болған кезде «Даму» Қоры кепілдік ұсынды.

Мекенжайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, с. Шарбақты, Ноғайбай би көшесі №22.

Тел. +7701-213-32-36.