«РахатОпт» ЖШС СҚО нарығында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Компанияның негізгі қызметі - жарма өндіру және азық-түлік өнімдерін сату. Компания тазартылған қызыл жасымық, үрме бұршақ, қарақұмық, жасымық, бұршақ, күріш, інжу арпа, бидай, жүгері, тары, бұршақ және т.б дәнді дақылдар шығарады. Қазіргі уақытта компанияда екі өндірістік желі жұмыс істеуде. Олар:
«Оптиматик-К-15» әмбебап жарма өндіретін цех. Мұнда бұршақ, арпа, бидай, қызыл жасымық өңделеді. Күніне 15 тоннаға дейін дайын өнім береді. Қазіргі уақытта жабдық 50%-ға жұмыс істеп тұр.
«Оптиматик Г-24» қарақұмық жармасын өңдейтін, өндіретін цех. Күніне 21 тоннаға дейін дайын өнім береді. Қызметкерлер саны - 16.
Шикізат жергілікті ауылшаруашылық өндірушілерден, ресейлік өндірушілерден сатып алынады. Өндіріс көлемінің жоғары деңгейіне жету үшін Қазақстанның шикізаты әзірге жеткіліксіз. Тауар негізінен Қазақстан мен Ресейде сатылады. Нарықта өз орнын тапқан, еңселі кәсіпорын.
Компания биыл айналым қаражатын толықтыру үшін «Сбербанк» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы -2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Даму» қорының несие сомасының 50%-ына берген кепілдігін пайдала отырып, «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша 6%-дық несие алды. Кәсіпорын басшылары биыл жыл соңына қарай өндіріс қуаттын максимал шекке жеткізуді жоспарлап отыр.
Мекенжайы: СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 55
Тел.: 8/7152/33-31-63