Баян Аманиязова кәсіпкерлікті 1995 жылдан бастап Мақат ауданы Доссор кентіндегі «Айгүл» базарында жалға алынған сауда нүктесінде құрылыс материалдарын, автобөлшектерді сатудан бастады.
Бірнеше жыл ішінде осы салада бизнес жүргізу тәжірибесін жинақтаған Баян жұбайымен бірге өз қаражатына 3 ғимараттан тұратын кешен салуды шешті. Онда автобөлшектер дүкені, шиномонтаж бөлмесі, клиенттерге арналған асхана болады деп жоспарлады. Кешен күре жолдың бойында, Құлсары қаласы мен теңіз кенті арқылы өтетін Атырау-Бейнеу-Ақтау трассасы жағасында орналасқан. Бұл клиент санын арттыруға мүмкіндік берді.
Негізгі тұтынушылар Доссор және Мақат кенттерінің мекемелері мен тұрғындары, сондай-ақ жол бойынан өтетін жолаушылар.
«Аманиязова» ЖК техникалық қызмет көрсету станциясы кешенін сатып алу керек болғанда жылына 14,5%-бен несие рәсімдеді. «БЖК 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында мемлекет 8,5%-ын субсидиялады. Кәсіпкер несиені қалған 6%-бен өтейді. Қор несие сомасының 50%-ына кепілдік берді.