menu
Жабу

Шымкент қаласында «ЕР-Нұр» ЖШС мемлекеттік бағдарлама бойынша XCMG фирмасының 2 жүк тиегішін сатып алды

Жаңалықтар
26.06.2020

«Ер-Нұр» ЖШС қоқыс, қалдықтар шығару қызметімен 2017 жылдан бері айналысады. Қызмет көлемін арттыру үшін компанияға жаңа тиегіштер қажет болған кезде кәсіпкер мемлекеттік қолдау құралдарын пайдаланбақ болды. Кәсіпорын басшысы Алпамыс Мақұлбековтің айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер – шағын және орта бизнестің тынысын ашады.

Кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер бар екенін естіген Алпамыс «Даму» Қорына келіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын туралы мәлімет алды. Қажетті құжаттарын жинаған соң «Нұрбанк» АҚ арқылы арнайы техниканы сатып алу үшін жылына 6%-бен несие алады. Кепілзат жетпегенде «Даму» қорының кепілдігін алды.

Бөлінген қаражатқа кәсіпкер XCMG фирмасының 2 фронтальды (жүк) тиегішін сатып алды. Кәсіпорын басшысының айтуынша, «Даму» қорының қолдауымен алған жеңіл несие ұсынылатын қызметтердің көлемін арттырып, нарықта лайықты орын алуға мүмкіндік береді.

Мекенжайы: Түркістан облысы, Шымкент қаласы,Ынтымақ ш/а 89/5

телефон: 8-747-767-77-99