info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Ақтауда жаңа, жайлы «Coffe City» ашылды

Жаңалықтар
26.06.2020

Кофехана – ежелден танымал демалыс орны. Жан сергітетін бір шыныаяқ кофемен таңғы ас ішу көп адамдар үшін бұлжымас дәстүрге айналды. Қазір де бұл сусынға сұраныс мол. Сондықтан кофехана ашып, сауатты сауда саясатын ұстанып, клиентке сапалы өнім ұсынып, жоғары қызмет көрсетуге дайын болсаңыз, бұл - өте тиімді инвестиция болуы мүмкін.

Ақтаудағы «Coffee City» кофеханасында сіз тез және сапалы таңғы ас, түскі ас, кешкі ас ішіп, іскерлік кездесу, достарыңызбен бас қосу, романтикалық кешкі ас немесе жай жағымды ортада демала аласыз. Мұнда эксклюзив рецепт бойынша кондитерлік өнімдер мен десерттер дайындалады.

Жобаны жүзеге асыру үшін жеке кәсіпкер Сердар Жұмагелдіұлы «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 60 айға 6%-бен несие алды. Кепілдік жетпеген кезде «Даму» Қоры мемлекеттік кепілдік берді.

Кәсіпкер қаржыға кофехана ашу үшін жабдықтар сатып алды.

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 17 ш/а, 104 үй, блок-3, "Asyl Park" ТК.

Байланыс телефоны: +7 777 057 17 17