info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Даму Қоры Шымкенттегі алкогольсіз сусындар зауытына қолдау көрсетті

Жаңалықтар
01.07.2020

«Рауан» ЖШС - Қазақстан нарығында 1998 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істеп келеді. Қазақстанның Оңтүстік аймағында сусындар мен су шығаратын 3 ірі жоғары технологиялық зауыты бар. Өнім әлемдік өндіріс стандарттарына сай, шет елдік жабдықтарда өндіріледі. Тұтынушыларға ISO 9001:2009 халықаралық сапа стандартымен сертификатталған, сондай-ақ «ХАЛАЛ» куәлігі бар өнімді қажетті көлемде, үзіліссіз бере алады. Бағасы қалта көрерлік.

Фото 5.jpg

2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында компания «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы жаңа бағытты іске қосу (жеміс және көкөніс шырындарын, суық шай мен шыны ыдыстағы ауыз су өндіру) үшін 15%-бен несие алды. Оның 9%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Фото 7.jpg

Компания шығаратын сусындардың дәмі Шымкент тұрғындарына балалық шақтан таныс.

Тел: +7(7252) 53-17-44

Сайт: www.rauancompany.kz