Қызылордада мемлекеттік қолдаудың арқасында «Океан» шағын маркеті ашылды

Жаңалықтар
03.07.2020

Азық-түлік пен күнделікті тұтынатын шаруашылық тауарлары әрдайым сұранысқа ие екені даусыз. Мұндай бағыттағы дүкендердің көпшілігі отбасылық бизнес болып келеді.

Қызылордалық Каюпов Жанболат Сембайұлы мен жұбайы Айдаралиева Айжан Болатқызы жеке кәсіпкер ретінде 2017 жылы тіркеліп, бизнес бастады. Алдымен «Океан» шағын маркетін жалға алып, азық-түлік және ұсақ шаруашылық тауарларын сатумен айналысты. Бизнесі күшейіп, табысы өсе бастаған соң, кәсіпкер дүкен ғимаратын сатып алу туралы ойлана бастады. Ол үшін жеңіл несие керек еді.

Кәсіпкер Қызылордадағы «Даму» Қорының филиалына келіп, ғимаратты сатып алу мүмкіндіктері туралы кеңес алды. Бизнес идеяны «Банк ЦентрКредит» АҚ қолдап, 2018 жылы «Даму-Сырдария» бағдарламасы бойынша қаржыландырды. Сондай-ақ, кепілдік жеткіліксіздігіне байланысты «Даму» Қоры кәсіпкер үшін банк алдында несие сомасының 49%-ына кепіл болды.

Бүгінгі күні «Океан» мини-маркеті өз аумағының тұрғындарын қажетті азық-түлікпен және басқа да тауарлармен қамтамасыз етеді. Жал ақысы қалтасында қалған кәсіпкер мемлекеттің қолдауымен дамудың жаңа кезеңіне көшті.

Мекенжайы: Қызылорда қ., С. Торайғыров к, . 23 б. үй

Тел: 8 705 961 74 41