menu
Жабу

«SANAD» клиникалық-диагностикалық оңалту орталығы

Жаңалықтар
09.07.2020

«SANAD» Клинико-диагностикалық оңалту орталығы http://sanadmed.kz - заманауи көп бейінді медициналық орталық. Мұнда терапия, педиатрия, оториноларингология, гастроэнтерология, гинекология, урология, дерматология, диабеттік нейропатия, эндокринология, ревматология, аллергология, амбулаториялық хирургия және т.б. бағыттары бойынша дәрігерлік қызметтердің барлық түрін алуға болады. Әсіресе кардиологиялық бағытқа көп көңіл бөлінеді. Клиника мамандары жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары бар және операция жасауды қажет ететін пациенттермен жұмыс істейді.

- «Біз ересектермен қатар, балаларды да аурудан оңалтумен де айналысамыз. Бұрын бұл бағыт Қарағанды қаласында болған жоқ. Тірек-қимыл қозғалысы қиындаған және неврологиялық аурулардан кейінгі пациенттермен жұмыс істейміз. Бұл үшін клиникада үш зал бар. Оның ішіне емдік дене шынықтыру және кинезитерапияға арналған зал кіреді. Біздің клиника Германия, Америка және Жапония ірі өндірушілерінің жоғары санатты қуатты диагностика жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Тәжірибелі, жоғары білікті дәрігерлер, пациенттерді тексеру мен емдеудің әдістемелерін жасаған мамандар жұмыс істейді»,-дейді «SANAD» «КДРО» ЖШС жетекшісі Жәмиля Бопиева.     

2018 жылы клиника амбулаториялық-эндоскопиялық хирургияға арналған құралдарды «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 6%-бен «Қазақстан Халық банкі» АҚ @halykbank.kz арқылы сатып алды. Сондай-ақ, «Даму» Қоры банк алдында кепілзат жетіспейтін сомасына кепілдік берді.

Instagram: @klinika_sanad

Эл. пошта: http://sanadmed.kz

Мекенжайы: Қарағанды ​​облысы, Кривогуз көшесі, 41

Тел .: 8 (776) 550 40 46