menu
Жабу

Маңғыстау облысында Бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша алғашқы жоба мақұлданды

Жаңалықтар
31.08.2017

#БұқаралықКәсіпкерлік бағдарламасына халық қол жеткізе бастады деп батыл айта аламыз. Республика бойынша екінші, Маңғыстау облысы бойынша бірінші жобамен таныс болыңыздар.

Маңғыстаулық кәсіпкер Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қаржы алды. «Сбербанк» АҚ кәсіпкер Ешманова Набат Жұмабекқызының автокөлік сатып алып, Ақтау қаласына жүк тасымалдау жобасын қаржыландырды. Осы жобаның арқасында 1 адам жұмысқа тұрды.

Кәсіпкердің табысқа жету тарихы керемет. 2014 жылы болашақ кәсіпкер баспанасын дәріхана ғимаратына ауыстырды. Сөйтіп, өз қаражатына дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтар сатып алған. Қазіргі кезде кәсіпкер дәрі-дәрмектерді бөлшек сатумен айналысады және халыққа (жеке тұлғаларға) және мемлекеттік мекемелерге: медициналық мекемелерге, мектептерге, балабақшаларға (заңды тұлғаларға) медициналық жабдықтарды жеткізумен айналысады. Ал бүгін «Даму» қоры бағдарламасының арқасында жүк тасымалымен айналысуды бастамақ. Кәсіпкердің батылдығы мен ынта-жігері кез-келгенді қызықтыратыны рас.

2 миллиард 180 миллион 559 мың теңге көлемінде қаржы алған «Сбербанк» бағдарламаны дамытуға белсене қатысуда. Жақын арада кәсіпкерлердің талай қызықты жобалары жайлы білетін боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қаражат «Банк ЦентрКредит», «Сбербанк Қазақстан», «АТФБанк», «Казком», «Қазақстан Халық Банкіне» түскен болатын.

2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы бойынша қандай жобалар қаржыландырылғаны туралы үнемі ақпар беріп отырамыз. #БұқаралықКәсіпкерлік.

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы туралы, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдауға арналған басқа да бағдарламалар туралы толығырақ кеңес алу үшін өзіңіздің қалаңыздағы Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығына хабарласу арқылы немесе 1408 нөмірін теру арқылы мағлұмат алуға болады (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін).