menu
Жабу

«Тұлпар» КОО - кешенді тәсіл

Жаңалықтар
13.07.2020

«Тұлпар» кардио-оңалту орталығы Қарағандыда 2019 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша ашылды. Мұнда миокард инфарктін бастан өткерген және кардиохирургиялық отадан шыққан пациенттердің денсаулығын қалпына келтіру процедуралары жасалып, диагностика әдістері арқылы жүрек-қан тамырларында ақауы бар жандарға оңалту қызметтері көрсетіледі. Орталықтағы емдеу ісі кардиология, гастроэнтерология, ревматология, пульмонология, неврология, нефрология, эндокринология секілді терапия бағытындағы науқастарды (ересектерге кепілді тегін медициналық көмек аясынан тыс) амбулатория және стационарда оңалтуға бағытталған.

IMG_6696.JPG

Орталық жоғары технологиялы құралдармен толық жабдықталған. Физиотерапия емінің ең заманауи түрлері қолданылады. Яғни, пациенттердің қалыпты өмірге оралуына қажетті ең тиімді процедуралар тағайындауға мүмкіндік бар.

гл фото.JPG

Кардио-оңалту орталығына инвестиция қажет болған кезде «Тұлпар» ЖШС КОО «Қазақстан Халық банкі» АҚ @halykbank филиалы арқылы несие рәсімдеп, «Бизнестің жол картасы» 2020» бағдарламасы аясында сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде мемлекеттен қолдау алды.

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Кривогуза көшесі, 79

Байланыс тел.: 8 (7212) 43-86-01

E-mail: https://tulpar-krg.kz

Сайт: www. tulpar-krg.kz

Instagram: @tulpar.krg