2016 жылдың 14 желтоқсанында Семейде «Балдырған» балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мерекелік шараға жергілікті атқарушы органдар, ШҚО білім басқармасының өкілдері мен балабақша тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты.
«Даму» КДҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілдері де құттықтады. Сонымен бірге құрылтайшыға фирмалық қабырға сағатын сыйға тартты.
«Балдырған» ЖШС балабақшаның құрылысына «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан 2015 жылдың желтоқсанында 47 және 53 миллион теңгені құрайтын екі қарыз, 2016 жылдың шілде айында сомасы 24 миллион теңге қарыз екі кезеңмен алынды. Соңында клиенттің сыйақы мөлшерлемесі 8,5 және 9 % құрады. Екі транш та «Бизнестің жол картасы 2020» БҚДББ аясында субсидияланды.
2009 жылы «Семипалатинская Трейдинговая Компания» ЖШС иесі Бектұров Аян өз қызметін бастаған. Компания негізінен кондитерлік, темекі бұйымдары, сусындар және сыра көтерме саудасымен айналысты.