menu
Жабу

Атырауда мемлекеттік қолдаудың арқасында Aray_med " Лор-орталығы ашылды»

Жаңалықтар
15.07.2020

Бұған он бес жыл дәрігер болып қызмет еткен жоғары санатты лор-дәрігер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер Нұржан Жайлыбай мұрындық болды.
"Жайлыбай" ЖШС лор орталыққа үй-жай мен жабдықтар сатып алмақ болған кезде Сбербанк Казахстан арқылы, "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несие рәсімдеп, жобасын субсидиялады. Яғни, 14,25 пайыз несиенің 5,7 пайызын мемлекет өтеп береді. Айырмасын кәсіпкер төлейді. Қор несие сомасының 50 пайызына кепіл болды.
Бүгінгі күні "Aray_med" лор орталығында емделушілер өз денсаулығын түзеп, лор-ағзаларды эндоскопиялық зерттей алады. Орталықта емдік процедуралар мен тыныс алу жолдарына физи ем алуға болады.