info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Қаратау қаласында жолаушыларды тасымалдау қызметі дамып келеді

Жаңалықтар
21.07.2020

Қасымов Олжас Бауыржанұлы кәсібін 2019 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы үйінде пластик терезелер жасап, орнатудан бастаған. Жақсы жабдықталған цехы да бар.

2019 жылы кәсіпкер бизнестің басқа бағытында бақ сынау мақсатында «Қаратау–Алматы» арасында жолаушылар тасымалдау үшін шағын автобус сатып алмақ болды. Ол үшін қомақты қаржы керек еді.

Олжас «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Mersedes Bens 411» маркалы шағын автобусты сатып алуға 5 жылға 6%-бен 16,4 млн теңге несие рәсімдеді.

IMG_7427.JPG

Қазір қос қала арасында Олжастың шағын автобусы жүйткіп жүр. Болашақта көлік санын көбейтіп, автопарк құру жоспарында бар. Әзірге көлік тізгінінде – өзі. Кәсіпкерге сәттілік тілейміз!

Тел:8775 521 21 12

Инста: @vip_perevozki_taraz