Жүк тасымалы саласында қызмет көрсететін «ГенПодряд-Z» ЖШС мемлекеттің қолдауымен дамып келеді

Жаңалықтар
22.07.2020

«ГенПодряд-Z» ЖШС – жүк тасымалдаумен, құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ арнайы жалға беру бойынша қызмет көрсететін жас компания.

Компания директоры Дәулет Хабдулмажитұлының айтуынша, жүк тасымалы бойынша қызмет көрсету, құрылыс техникасын жалға беру – бұл шағын компаниялар үшін бизнес бастауда ең қолайлы нұсқа.

«Осы жылдың маусым айында біздің компанияға бір жыл толды. Осы жылы біздің компания сенімді серіктес ретінде беделін бекітті. Кәсіпкер үшін бедел өте маңызды. Тапсырыс беруші оның тапсырысы уақытында және сапалы орындалатынына сенімді болуы тиіс. Сенімділік пен сапа – біздің компанияның ұстанымы. Биыл фронталды тиегіш сатып алу керек болған кезде «Даму» Қорына жүгіндік. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңіл несие ала алатынымызды білдік. Субсидияудың арқасында біздің компания несиені 6%-бен ғана төлейді. Қорда бізге құжат жинауға көмектесті. Субсидиямен қатар, біздің компания «Даму» Қорының кепілдігін де алды. Өйткені, біздің компания салыстырмалы түрде жас және өз кепілзатымыз жеткіліксіз еді. Сондықтан Қордың кепілдігі қатты көмектесті »,-дейді Дәулет Жаймағамбетов.

Дәулет Хабдулмажитұлы ТЖ кезеңі өтінімді қарау жылдамдығына әсер етпейтінін атап өтті. Мамыр айында компания «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 9 млн теңге несие алды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша мөлшерлеме 14,5% құрады. Оның 8,5%-ын мемлекет субсидиялады. 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді. «Даму» қоры 3 млн теңгеге кепілдік берді.

«Кәсіпкерлер үшін қазір оңай кезең емес. Бірақ мемлекет бізді –кәсіпкерлерді шет қалдырмады. «Даму» Қорының субсидиясы мен кепілдігі түріндегі қолдауды пайдаланыңыздар»,-дейді Дәулет Жаймағамбетов.