«Cittadella» ЖШС 2016 жылы құрылды. Бірақ кәсіпкер 2011 жылдан бастап жиһаз сату бойынша сауда жүйесін құруды бастады. Осы жылдар ішінде компания Германиядан, Италиядан, Түркиядан, Ресейден және Қытайдан фурнитурлар, фасадтар мен құрамдас болшектерді жеткізуде көптеген шетелдік өндірушілерімен және жеткізушілерімен берік серіктестік орнатты.
Уақыт өте келе, нарықты және клиенттердің қажеттіліктерін зерттей отырып, басшылық қазіргі экономикалық жағдайға байланысты өзіміз өндірген әлдеқайда тиімді деген тұжырымға келді, ал тапсырыс беруші жағынан бұл әлдеқайда ыңғайлы, өйткені өнімді жеке үлгімен шығарып, оны мүмкіндігінше мінсіз қылуға болады. Қолмен жасалатын әртүрлі жұмсақ элементтері бар бұйымдарды, төсек және радиусты шкаф-купеге тері қолдана отырып, жиһаздарды классикалық стильде және тағы басқа да стильде жасау туралы идеялар болды. Компания әлі де осы бағытта дамуда. Петропавлда 4 салон бар. Онда дайын жиһазды сатып алуға немесе дизайнердің көмегімен жеке жобаға тапсырыс беруге болады.
«Біз үшін өз клиенттерімізді таңдандырып отыру өте маңызды. Жиһаздың, киімдегідей әр мезгіл сайын өзгеріп тұратын өзіндік сәні бар. Бірақ біз сәнді қуаламай, оны өзіміз жасағанды жөн көреміз», - дейді кәсіпорын басшысы, жас, заманауи, өз ісіне берілген кәсіпкер Антон Акулов.
2020 жылдың басында компания басшылығы өндірісті кеңейту туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Даму» қорының кепілдігімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 6 пайыздық жеңілдетілген несие алды.
Тел.: +7 /707/431-58-70
Эл.почта: Cittadella.mebel@mail.ru
Instagram: Cittadella.mebel
Facebook: Cittadella Mebel
Сайт: Cittadella.mavmebel.ru