Мемлекеттік бағдарлама дәмханаға дем берді

Жаңалықтар
29.07.2020

Құлымбаев Санжар Мұхитұлы 2011 жылдан бастап кәсіпкер. 2015 жылы ол кондитерлік және аспаздық өнімдер шығаратын цех ашып, жұмысын жалғастырды. Қазір Санжардың «Фабрика вкуса» атты дәмханасында торттан бастап, ыстық тағам, пайдалы салат, жартылай әзірленген тағамдар, тәбетті ашатын пицца мен сушиға дейін пісіріледі. Барлық тағам жеке авторлық рецепт бойынша дайындалады. Сондай-ақ, кәсіпкер мекемелер ұжымына кешенді түскі ас жеткізу қызметін де ұйымдастыруда. Бұл қызмет қазіргі пандемия жағдайында өте маңызды әрі сұранысқа ие.

IMG_8320.jpg

 

Жақында Санжар Мұхитұлы жаңа қосымша қызмет көрсету орнын ашып, бизнес аясын кеңейтті. Бұл мақсатта оған құрал-жабдықтар мен ас үй керек-жарақтарын, сондай-ақ дайын өнімді клиенттеріне жеткізуге арналған автокөлік сатып алу қажет болды.

Несиені кәсіпкер «Даму» қоры кепілдігінің арқасында «Сбербанк» АҚ арқылы алды. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялап, мөлшерлемесін 6% дейін төмендете алды.

Мекенжайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Батталханов көшесі, 5 А үй.

Instagram: fabrikavkusa.kz

Байланыс телефоны: +7 701 821 11 22