menu
Жабу

Таза судың кепілі

Жаңалықтар
31.07.2020

Андрей Пистунович еңбек жолын керме төбелер тарту, монтаждау, ролл-перделер орнататын бригадада жалдамалы қызметкер болып бастады. 2018 жылы «Пистунович А.С.» атты ЖК ашып, өз бригадасын жинап, қызмет көрсете бастады. Андрей Көкшетау қаласы мен аудандарға шығып ролл-перделерді орнату және монтаждау жұмыстарымен айналысады. Қыста автомобильдерді жылыту бойынша қосымша қызмет көрсетеді.

 

2019 жылы Андрей бизнестің тағы бір бағыты - ауыз суды аппараттар арқылы тазарту қызметін игеруге шешім қабылдады. Өл ойын жүзеге асыру үшін суды тазалау аппараттарын сатып алу және орнату қажет еді. 2019 жылы мамыр айында 2 аппарат сатып алып, тұрғын үйлердің кіреберісіне орнатылды. Тазартылған ауыз суға деген сұраныстың өсіп келе жатқанын ескере отырып, қосымша аппараттар орнату туралы шешім қабылданды.


«Қазақстан Халық банкі» АҚ аппараттарды сатып алуға қажет 10 341 276 теңгені «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6%-бен берді. Сонымен қатар, Андрей Даму Қорының 597 176 теңге кепілдігін пайдаланды. Бұл – несиенің 25%-ы.

Аппараттар қаладағы тұрғын үйлерінің кіреберістеріне орнатылды және жұмыс істепе тұр. Дүкендерде де үлкен сұранысқа ие.