«Мерусар и К» ЖШС 2001 жылдан бері жеке қорғаныс құралдарын, мед процедура, операциядағы таңу, байлау және тыныс алу жиынтықтарын (тыныс алу котуралары) шығара келе жатқан отандық компаниялардың бірі. Компанияда стерильді және стерильді емес медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаруға құқық беретін 12 тіркеу куәлігі бар. Стерильді өнім радиациялық немесе газ әдісімен Курчатов қаласындағы Ядролық технологиялар паркінің базасында орналасқан «Мерусар и К» ЖШС филиалында зарарсыздандырылады.
«Біздің өндірісте өнім сапасымен қатар зарарсыздығы да маңызды рөл атқарады. Жабдықтарымыздың көпшілігін, соның ішінде зарарсыздандыруға арналған жабдықтарды мемлекеттің қолдауы арқасында сатып алдық. Сонымен қатар, шикізатпен қамтамасыз етуде айналым қаражатын толықтыру мақсатында біз «Даму Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6%-дық несие алдық. Компаниямыз сегіз жылдан бері «Даму» Қоры арқылы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдауларды пайдаланып келеді. Осы кезең ішінде «Даму Өндіріс» және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары аясында қаржы алып келдік. Соның арқасында арзан несие алып,жүгімізді жеңілдетіп келдік», - дейді Компания директоры Маханов Марат Айтпайұлы.
Компания директоры Маханов Марат Айтпайұлы кәсіпкерлікпен тоқсаныншы жылдары айналыса бастаған. 2011 жылы кәсіпкер жаңа бағытты дамытып, тігін цехын салып, жабдықтар сатып алу үшін 200 млн теңгеден астам мөлшерде несие алды. Қарыз «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында берілді. «Даму» Қоры субсидиялап, пайыздық мөлшерлемені арзандатқан болатын. 2014 жылдан бастап «Мерусар К» ЖШС Өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасына (Даму Өндіріс) қатысып келеді. 2014 жылдан бастап «Даму Өндіріс» бағдарламасы аясында «АТФ Банк» АҚ компанияға 400 млн теңгеден астам қаржы берді. 6%-дық несие құрал-жабдықтар сатып алуға да, айналым қаражатын толықтыруға да жұмсалды.Биылғы пандемия кезінде «Мерусар и К» ЖШС қала ауруханаларына жеке қорғану құралдарын тегін таратып, Павлодар қаласындағы медицина мекемелеріне қолдау көрсетуге тырысты.
Мекенжайы: Павлодар, Чайковский көшесі 5
Тел: +7 (7182) 50-45-46 +7 (7182) 54-30-03 +7 (705) 611-84-58
Эл. пошта: merusar2014@mail.ru
Сайт: www.merusar.kz