Шығыс Қазақстан облысында орналасқан «Алфом» ЖШС 12 жылдан бері Орталық Азия аумағындағы серпімді пенополиуретан (поролон) өндіретін көшбасшы өндіруші болып келеді.
Серпімді пенополиуретан жұмсақ жиһаз бен матрацтар жасауда пайдаланылатын негізгі материалдардың бірі. Зауыт жылына жылына 5000 тонна поролон шығарады. Заманауи жоғары технологиямен жабдықталған. Яғни сапалы өнім шығаруға мүмкіндік мол. Әлемдік маңдайалды фирмалар шығаратын шикізаттарды пайдалана отырып LAFFA сауда маркасымен поролонның 20-дан астам түрін шығарады. Атап айтқанда: ST-стандартты, EL-өте қатты, HS-жұмсақ және супер жұмсақ, HR-өте серпімді, сондай-ақ қайта көбіктендіріп жасалатын поролон мен контурлы кесу бөлшектері шығады.
Жиһаз поролоны LAFFA – ерекше қасиеттері бар, заманауи, жоғары технологиялық материал. Құрылымы ұсақ ұяшықты болып келеді, түрлі тығыздық пен қаттылықта, ұзаққа шыдамды, ауа өткізгіш, икемді, серпімді. Өндірісте Maxfoam үздіксіз өндіру технологиясы қолданылады. Өндірістің барлық процесі шикізат компоненттерінің дәл мөлшерленуін, технологиялық процестің негізгі кезеңдерінде бақылауды және өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз ететін компьютерлік жүйемен басқарылады. Сондай-ақ шикізаттың сапасын бақылаа, сондай-ақ дайын поролондардың әрбір партиясының сапасын тұтас бақылауға мүмкіндік беретін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған өндірістік зертхана бар.
«Алфом» ЖШС жыл сайын өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты «First Heartland Júsan Bank» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға қаржы алды. Бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлемені жылдық 10%-ға дейін субсидиялау қарастырылған.
Қазіргі уақытта «Алфом» ЖШС өнім көрсеткіштерінің сапасын арттыру, түрін кеңейту, жаңа өткізу орындарын ашып мен поролонды қолдану салаларын іздестіру бойынша жұмыс істеуде.
Мекенжайы: ШҚО, Семей қаласы, 071403, Солтүстік өнеркәсіп аймағы 18
Байланыс: +7(7222) 55-08-19 сату бөлімі:
Яковлева Татьяна Евгеньевна YakovlevaTE@foamline.com
Сату бөлімінің менеджері: +7 (7222) 534-501