info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Зарарсыздандыру құралдарын шығаратын зауыт карантин кезінде тәулік бойы жұмыс істеді

Жаңалықтар
04.08.2020

«Аврора» өндірістік кешені» 2010 жылы құрылған. Содан бері жоғары сапалы дезинфекция және антисептик құралдар шығарып келеді. Кәсіпорын басшысы – Алшанбаев Данияр Канатбекұлы.

Данияр Алшанбаев.jpg

Холдинг қызметіне дезинфекция құралдарын, тұрмыстық химия мен косметиканы өндіру және дистрибьюциялау, электротехника шығару, энергетикалық нысандарды жобалау және салу, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, күзет қызметі және қауіпсіздік жүйелері кіреді.

2018 жылы компания айналым қаражатын толықтыру үшін өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға арналған «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ 6%-дық несие алды. Осының арқасында компания өндірісті кеңейтіп, кірісті ұлғайтты және жаңа деңгейге көтерілді.

Соңғы кезде пандемия жариялағаннан кейін тоқтаусыз жұмыс істеп қана қоймай, өнім шығару көлемін арттыруға тура келді. Көктемнен бері дезинфекция құралдарына арналған шикізат жоғары сұранысқа ие болды. Компания сондай-ақ бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына тағы да қатысуды жоспарлап отыр.

Бүгінде компания өз химиктері әзірлеген және Қазақстанда сыналған жүздеген түрлі өнім шығарады.

 

+7 727 313 15 85 (көп арналы)

+7 727 313 15 85 (факс)

Алматы, ул. Ходжанов, 79