info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Кездесу орны - «NA PERVOM»

Жаңалықтар
05.08.2020

2019 жылдың соңғы айы. Петропавлда «NA PERVOM» дәмханасы ашылды. Жайлы мейрамхана мәскеулік дизайнерлердің эскизімен жасалған. Сырлы отырыстар, достармен кездесу, отбасылық кешкі ас, іскерлік кездесулер өткізуге таптырмас орын заманауи еуропа стилінде безендірілген. 80 адам сыяды. Мәзір әр-алуан. Жастың да кәрінің де көңілінен шығады. Балалар үшін лабиринттері бар ойын бөлмесі, допқа толы бассейн, шығармашылық үстел және т.б. ермек қылар дүниелер ұйымдастырылған. Мұндай орын бұл қалада тым аз еді. Кәсіпкерді осы бағытқа итермелеген себеп те осы болатын.

23925373069240290_549d.jpg

Өз идеясын жүзеге асыру үшін «NA PERVOM» ЖШС директоры Марат Қайыржанұлы «Нұрбанк» АҚ-қа қаржы алу үшін өтініш берді. Несие «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында берілді. Кепілдік жетпеген кезде «Даму» қоры несие сомасының 43% мөлшерінде кепілдік берді.

Қазір карантин уақытында дәмхана бағытын уақытша өзгертіп, қолға тағам жеткізіп берумен айналысып жатыр.

Инста: Cafenapervom

Мекенжай: Петропавл, Жамбыл Жабаев 142 Б.

Тел: 8/778/081-20-20