Мұнай алу және өңдеу - ел өнеркәсібіндегі жетекші сала. Республиканың негізгі стратегиялық қоры саналатын мұнай мен газ қоры негізінен батыс аймақта шоғырланған.
«ПЕТРОРЕФ» ЖШС - Батыс Қазақстан облысындағы мұнай алу және мұнай өнімдерін шығаратын жетекші компаниялардың бірі. «ПЕТРОРЕФ» ЖШС шығарған мұнай өнімдері Қазақстан Республикасының ішкі нарығына, ЕурАзЭҚ елдеріне, сондай-ақ көрші елдерге экспортталады. Зауыт 2011 жылы салынып, 2012 жылдың шілдесінде пайдалануға берілген. Жылына 100 000 тонна өнім алады, өңдеу тереңдігі - 50%. Мұнай өңдеу цехы, тауар паркі, химиялық зертхана, қазандық, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бар. Нефрас С 30/230, DMZ кеме отыны, жағатын жүздік мазут, тікелей өңделмеген шикі мұнай, тұрмыстық пеш отыны секілді мұнай өнімдерін шығарады.
«ПЕТРОРЕФ» ЖШС басшылығы мұнай өңдеу зауытын сатып алу туралы шешім қабылдаған кезде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «АТФ Банк» АҚ арқылы қаржы алды. «Даму» қоры несиенің мөлшерлемесін ішінара субсидиялады.Компания жақын орналасқан елдімекен тұрғындарының қоғамдық өміріне белсенді араласып келеді. Қызметкерлердің 90%-ы жергілікті тұрғындар. Бүгінгі таңда бұл – БҚО мұнай өнімдері нарығындағы ең табысты компаниялардың бірі. Компания 2021-2022 жылдары БҚО ішкі нарығына сату үшін АИ-92 маркалы автобензин өндірісін жаңғыртуды жоспарлап отыр.
Мекенжай: БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат а/о, Магистраль ауылы, Орал Ақсай тас жолы, 2 корпус.
Тел: 8 778 995 37 72