info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Алматы облысының тағы бір ауылында жаңа балабақша ашылды

Жаңалықтар
12.08.2020

Соңғы жылдары балаларды дамытуға және оқытуға арналған қолайлы жағдайы бар, заманауи техникамен жабдықталған мектепке дейінгі мекемелер саны көбеюде. Ерекше қуантатындығы, мұндай балабақшалардың алыс ауылдарда бой көтеріп жатқандығы. Көпшілігі мемлекеттің осы бағыттағы көмегін пайдаланады. Солардың бірі –Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Қарасай ауылындағы «Gassoil City Issyk» ЖШС ұжымы мен оның құрылтайшысы Гасанов Махмед Агалиевичтің табандылығының арқасында ашылған «Алтын бөбек» балабақшасы.

IMG-20200730-WA0022.jpg

«Gassoil City Issyk» ЖШС 2016 жылдан бері мұнай өнімдерін көтерме сатумен айналысқан. Сондай-ақ компанияның ІІІ-санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға да лицензиясы бар. Компания бизнесін әртараптандыруды, әрі әлеуметтік маңызы бар іс бастауды ойлап кәсіпкер 2019 жылдың қараша айында «Алтын бөбек» бөбекжай-бақшасын ашты. Бұл Махмед Агалиевичтің байырғы арманы еді.

Балабақша ғимаратын компания өз қаражатына сатып алды. Кейіннен балабақша ғимаратының ішіне толықтай қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу керек болған кезде «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие ресімдеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекет субсидиялап, сыйақы мөлшерлемесін 15%-дан 6%-ға дейін төмендетті.

«Алтын бөбек» балабақшасында қазір 180 бала 6 топта білім алуда. Білікті кадрлармен қамтамасыз етілген. Тәжірибелі педагог Алиева Лейла Вазировна басқарады. Бүлдіршіндердің бос уақыты мен дамуына барлық қажетті жағдай жасалған.

Мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бөлек а/о, Қарасай а., Юбилейная к., 4 үй.

Телефоны: 8-708-592-99-25