menu
Жабу

Жемісті 15 жыл

Жаңалықтар
13.08.2020

Кез-келген құрылыстың негізі - құрылыс материалдары. Қазір өндірушілер тұтынушылар үшін күресте материал сапасына көп көңіл бөле бастады. Қазақстанның батысындағы құрылыс материалдары нарығында көшбасшылардың бірі болып соңғы 15 жыл ішінде «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ тұр. Ол – қырық жылдан астам тарихы бар және  құрылыста қолданылатын материалдарды (силикат кірпіш, әк, құрғақ құрылыс қоспалары) өндіруге маманданған ежелгі кәсіпорындардың бірі.

IMG_3718.jpg

Тоқсаныншы жылдары облыстағы көптеген зауыт, өндіріс орындары жабылған кезде «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» да қиын кезеңдерді бастан өткерді. Дегенмен, өндірісті тоқтатпай, негізгі жұмыс күшін сақтап қалды. 2000 жылдардың басында мемлекет индустриалды-инновациялық даму жолына түсіп, қаржылық көмек көрсету мүмкіндіктерін ұсына бастады.

2005 жылғы желтоқсанда акционерлік қоғам ретінде жаңадан құрылған компания «Қазақстанның инвестициялық қорымен» «БҚО-да әк және силикат кірпіш өндірісін кеңейту және құрылыс материалдарын шығаратын жаңа өндіріс орындарын құру» жобасын бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды. Сөйтіп инвестициялық қор және өз қаражатымен бірнеше жобалар іске асты. Атап айтқанда:

  • Жылына 45 мың тонна әк өндіретін зауытты қайта құру;

  • Жылына 15 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт құрылысы,

  • «Ласко Умформтехник ГмбХ» неміс компаниясының KSP-801 пресс қондырғысымен №1 цехта жылына 30 миллион дана құм-әк кірпіш шығару.

  • № 25 цехты жылына 25 мың м³ қуаттылықпен автоклавталған газдалған бетон өндірісіне ауыстыру арқылы қайта құру жобасы.

Компания бұл жетістіктеріне малданып қалмады. Батыс Қазақстанда құрылыс материалдарын өндірушілер арасында көшбасшы болып қалу үшін дамып отыру керек. Яғни, құрылыс материалдары көлемін, түрін көбейтіп қана қоймай, өндірілетін өнімнің сапасын жақсартып отыру да маңызды. Осы мақсатта компания бірнеше рет «Қазақстанның Халық Банкінен» несие алып, пайыздық мөлшерлемесі субсидия арқылы төмендетілді. Сондай-ақ Қор кепілдік жетпеген кезде кепіл болды.