menu
Жабу

Жарма өңдеу компаниясын мемлекет қолдап, несиесін арзандатты

Жаңалықтар
25.08.2020

«Зерноград» ЖШС – Қазақстандағы өнім өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындары арасындағы көшбасшылардың бірі. Негізінен қарақұмық жармасы мен қара бидай ұнын шығарады.

 

Павлодар ауданында орналасқан өндіріс алаңы – сапалы тауар шығаруға қажетті барлық инфрақұрылымы бар заманауи кешен. Кәсіпорында қарақұмық бумен өңделеді. Бұл – жарманың пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді. Зерноград ЖШС шығаратын өнімдердің сауда белгілері: «Апашка», «Кудесница», «Алтын Ханым», «Зерноград», «Царская Павлодарская» деп аталады.

«Зерноград» ЖШС директоры Лозовик Александр Ивановичтің айтуынша, кәсіпкерлер үшін қолайлы несиелер – табысты жұмыстың басты шарттарының бірі.

   IMG_0122.JPG

2020 жылғы маусым айында «Зерноград» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сбербанк России» АҚ ЕБ арқылы 390 млн теңге несиені 13,5%-бен алды. Оның 6%-ын ғана кәсіпкер төлейді. Қалған 8,5%-ын мемлекет субсидиялайды. Несиа алу барысынд «Даму Қоры 62 425 140 теңгеге кепіл болды.

Мекенжайы: Павлодар ауданы, Рождественка ауылы, Целинная көшесі, 1 үй

тел. 32 10 90, 35 41 84, 8 777 078 84 52