info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жаңатастық кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның арқасында мал басын көбейтіп алды

Жаңалықтар
26.08.2020

«Бәйбек» шаруа қожалығының иесі Сәкен Нұрпейісов 2018 жылдан бері ата кәсіппен айналысады. Жекеменшік қора-жайы бар, отбасымен бірге ірі қара және ұсақ мал басын өсіріп, бордақылап пайда тауып отыр.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданының аумағында 200 га егістік және 13 га жайылымы бар. Қазір қорасында 15 бас жылқы байланып тұр. Сәкен Қоңырбайұлы өзінің 209 га суармалы жайылым жеріне беде, жүгері және арпа егуді де жоспарлап отыр. Орақ түскен соң мал бордақылауға пайдаланбақ.

Биыл мал басын көбейту керек болған кезде Сәкен «Даму» Қорына жүгінді. «Қазақстан Халық банкі» АҚ филиалынан несие алып, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында пайызын субсидиялады.

Енді фермер жылқы басын көбейткен соң кіріс те артып, бизнес сәтті дамиды деп үміттенеді. Біз де шаруа қожалығының қорасы кеңейе беруіне тілектеспіз.

Мекенжайы: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы. Жанатас қаласы, Жібек жолы 28Б.

Телефон: 8702-126-55-65