Әйелдің бәрі әдемі

Жаңалықтар
26.08.2020

Әйелдер әдемі болып жүру үшін кез келген жағдайда да өзіне күтім жасауға тырысады. Бұл мақсаттағы тауарлар мен қызметтер әркез сұраныста. Сұлулық салондары арулар үшін қаншалықты қажет болса, оларды қажетті материалдарымен қамтамасыз ететін кәсіпкерлердің де орны бөлек.

Дәл осындай дүкенді Ақмола облысының Степногорск қаласында Кулагина Галина Михайловна ашты. «Manik» ЖК 2017 жылы күз айында маникюр және кірпіктерді өсіруге арналған тауарлар сату мақсатында тіркелген. Алдымен үйде отырып интернет-дүкендерден тырнаққа арналған материалдарға тапсырыс беріп, оны жергілікті маникюр шеберлеріне қайта сатумен айналысты. Ал ЖК тіркеген соң кейін жеке кәсіпкер өз қаражатына тауар сатып алып, дүкеннен бутик жалдады. Кейінірек сатып алушылар санының өсуіне байланысты тауар түрін көбейту үшін несие алды. 2019 жылдың қараша айында Галина сауда алаңын кеңейту мақсатында басқа жерді жалға алып, көшіп алды. Ойында болашақта осы жерді сатып алу да болды.

Бұл арманын жүзеге асыру үшін Галина «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 6%-бен 6 800 000 теңге мөлшеріндегі несиені 60 ай мерзімге алды. Кепілдік жетпегеніне байланысты, «Даму» Қоры 742 900 теңге немесе несие сомасының 10% мөлшерінде ішінара кепілдікпен қамтамасыз етті.

Қазір дүкеннің тұрақты клиенттері бар. Степногорск қаласы мен жақын маңдағы елді мекендердің маникюр шеберлері мен lash-мейкерлер арасында тауарлары жоғары сұранысқа ие. Материалдар Қытайдан, Ресейден және Қазақстанның Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан сатып алынады.