Кеңес ал!

18.02.2026

ELTUZER ET – 1,5 жыл бұрын құрылған отбасылық кәсіп. Іс бастағанда ең алдымен халыққа пайдалы болу деген миссияны алға қойған. Осы мақсат дұрыс ниша таңдауға жетеледі.

«Қазір қазақ дастарханында ұлттық тағамдардың сиреп бара жатқаны бізді қатты ойландырды. Ұмыт болып бара жатқан бауырдың бұжысы, қойдың құйрығы, дәстүрлі шұжықтар, нағыз қазақы қуырдақ пен ыстық бауырсақ – осы дәмдердің барлығы біздің бала күнімізден жүрегімізге жақын. Сол себепті ұлттық асымызды қайта жаңғыртып, халыққа ұсыну – басты арманымызға айналды», - дейді кәсіпкер Руслан Изгалиев.

Осы бағытта алғашқы қадам жасап, нарыққа ең алдымен ысталған ұлттық шұжықтармен шығарды. Бүгінде ELTUZER ET тек өнім өндірумен шектелмей, қазақтың ұлттық ас мәдениетін дәріптеуді өз міндеті санайды.

Өнімдерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Қазір тұрақты клиенттер қалыптасты, тұтынушылардың сенімі – ең үлкен жетістік.

Алғашында өнімдерді өз күшімен дайындаса, бүгінде мемлекет қолдауының арқасында арнайы ғимарат алып, кәсіби команда жасақталды. Қазір ELTUZER ET ұлттық, табиғи әрі сапалы өнімдерді кең көлемде халыққа ұсынып келеді.

Компания ұраны: ұлттық дәмді сақтап қана қоймай, оны болашақ ұрпаққа лайықты түрде жеткізу.

Атырау обл, Атырау қаласы, Әбілқайыр хан 69, 4-блок

+7 705 791 31 31

Инстаграм: @Eltuzer.kz