Қазақстандық үздік күріш өндірушілерінің бірі бизнестің жаңа бағытын бағындырмақ

Жаңалықтар
08.09.2017

«Абзал и К» компаниясы сонау 2011 жылы аймақта алғашқылардың бірі болып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысқан. Компания өз қызмет жолын күріш сатудан бастап, көп ұзамай кәсіпорын күрішті жеке егіндік жерлерінде егуді қолға алға. Шыққан өнімді өзінің зауыттарында өңдейді. Компанияның басты құндылығы – сапалы өнім шығару, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосу.

Қазақстандық үздік күріш өндірушілердің қатарынан көрінетін және ауыл шаруашылығы бағытында уақыт өткен сайын қарқынды даму жолына түскен компания бүгінде «Safia» брендімен ауыз су желісін іске қосты.

- Біз тек күріш қана емес, сондай-ақ өзге де бизнес түрлеріне тұрақты түрде сараптама жүргізіп отырамыз. Көпжылдық тәжірибенің арқасында нарық беталысын бағамдап, болжауға мүмкіндігіміз бар. Осының нәтижесінде біз өз тұтынушыларымызды қолжетімді бағада сапалы өніммен қамтамасыз етудеміз. Осы жылдан бастап біз үшін мүлдем жаңа бағыттағы өндірісті іске қосып, мемлекеттік қолдау арқылы оны дамыту үстіндеміз, - дейді компания директоры Мағжан Ералиев.

Ауыз су өндірісін дамытуға кезекті қаржыландыруды ТС «Абзал и К» компаниясы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп қол жеткізді. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14% құраса, оның 7% мемлекет тарапынан субсидиялануда.