Жұмысбасты әйелдерге тәтті-дәмді, кондитер өнімдерін пісіріп отыруға көбінесе уақыт жетпейді. Сондықтан да қонақ келгенде қол ұзартатын түрлі аспаздықтар үй бикелерінің өмірінің ажырамас бөлігіне айналып кеткен. Бүгінде бірде-бір салтанатты кеш торт, тоқашсыз өтпейді. Осы үрдісті жер кезінде аңғарған Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары моноқаласының кәсіпкері Алтынай Серғалиева өзі сүйетін істі бизнеске айналдыруды шешті.
«Дәмді торт, күлше, тоқаштарды шебер пісіретін үлкен әпкемнің шаруасын бақылап тұруды бала кезімнен жақсы көрдім. Оған көмектесіп жүріп, тамақ дайындаудың құпияларын меңгердім. Сол үйренгендерім осы салада өз бетіммен кәсіп ашуға итермеледі», - дейді Алтынай Серғалиева.
Қазір «Assyl_tattileri» өнімдері Жылыойлық тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Безендірілуі көз тартады, дәмі де тіл үйірерлік.
«Серғалиева А.Ә.» ЖК аспаздық және дүкен үшін жылжымайтын мүлік сатып алу керек болғанда Сбербанк арқылы 14,5% - бен несие алып, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 8,5%-ын субсидиялады. Ал кәсіпкер айырмасын төлейді. Қор несие сомасының 48%-ына кепіл болды.
Алдағы уақытта Алтынай Серғалиева өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.
Мекен жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары каласы
Инстаграм: @«Assyl_tattileri»
Телефон: 87023508646