menu
Жабу

Кеңес ал!

Танымалдыққа жетелеген арман

17.02.2026

Ақтау қаласындағы ұлттық және еуропалық стильде авторлық киім тігетін ателье «Asel Sagi» брендінің негізін қалаушы — Зиналиева Асель Оразғалиқызы. Ол бала кезінен тігін тігуді жақсы көріп, әдемі киім үлгілерін жасауды армандаған. Асель өз кәсібін 2018 жылы бастап, 500 000 теңге көлеміндегі шағын қаражатпен алғашқы қадам жасады. Ол курстарға қатысып, үнемі білімін жетілдіріп, сүйікті ісін мамандыққа әрі тұрақты бизнеске айналдырды. Алғашқы жылдары ательені көп адам біле бермеді, алайда табандылықтың, сапаның және әлеуметтік желідегі белсенді жарнаманың арқасында бренд уақыт өте келе танымал бола бастады. Команда да біртіндеп ұлғайып, бүгінде ательеде 10 қызметкер еңбек етеді. Бизнестің басты ерекшелігі — барлық көйлектер дизайнерлік үлгіде тігіледі және өзге дизайнерлердің жұмыстарын қайталамайды: Асельдің киімге деген өз талғамы мен авторлық көзқарасы бар. Брендтің ерекше “фишкасы” — әрбір киімнің өз атауы болуы, себебі әрбір жаңа образ — Асельдің өзі ойлап тапқан жеке тарих, әрі әрбір жаңа топтама алдыңғы сериялардан өзгеше болып келеді. Даму жолында кәсіпкер түрлі қиындықтарды да еңсерді, соның ішінде отбасылық мәселелер де болды: балаларды қарау мен жұмысты қатар алып жүру оңай болған жоқ, бірақ ол мойымады. Ең үлкен жетістіктерінің бірі — әртүрлі елдерде өткен сән көрсетілімдері, сол көрсетілімдерден кейін ұсынылған көйлектердің барлығы сатылып кеткен. Дамудың маңызды кезеңі — «Даму» қорының қолдауы болды: компания 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында субсидиялау қолдауын алып, сыйақы мөлшерлемесі 8% деңгейінде АО «ForteBank» арқылы рәсімделді. Бұл қолдау ательеге ғимарат (үй-жай) сатып алуға бағытталып, бизнесті нығайтып, жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берді. Бүгінде ателье дамуын жалғастыруда, ал алдағы 1–2 жылға жоспар — бизнесті кеңейту, екінші нүкте ашу және Париждегі сән көрсетіліміне қатысу. Қазіргі таңда оған қатысты ұсыныс та келіп түскен. Асельдің айтуынша, кәсіпті енді бастағандарға ең маңызды кеңес — қорықпау, тәуекел ету және тек өзіне сену, өйткені тек сонда ғана адам барлық биік мақсаттарына толық жете алады. Ал оның ең үлкен сабағы — сенімге қатысты қателік: ол кейбір клиенттерге қарызға беріп, кейін тапсырыстарын алып кетіп, ақысын төлемей кеткен жағдайлар болған. Асельдің тарихы — талант, еңбек және өзіне деген сенім арманды табысты бизнеске айналдырып, өзгелерге шабыт сыйлай алатынының айқын дәлелі.

Мекенжайы: Маңғыстау обл., Ақтау қ., 19а ш/а, 23-үй
Байланыс нөмірі: +7 702 578 61 87
Әлеуметтік желі: @aselsagi_atelier