menu
Жабу

Кеңес ал!

Табандылық – табыстың кілті

18.02.2026

Медеу Баймановтың жетістік жолы – қарапайым бастамадан ірі кәсіпкерлікке дейінгі табандылық пен еңбекқорлықтың айқын үлгісі. Ол еңбек жолын мектепті аяқтағаннан кейін бірден сауда саласында бастады. Алғашқы қадамдарын базарда электр тауарларын сатудан бастап, әр табысын үнемдеп, кәсібін біртіндеп кеңейтті. Тұтынушы сенімін басты құндылық санап, адалдық пен сапаны негізге алды. Уақыт өте келе шағын өз сауда нүктесін ашып, тұрақты серіктестермен жұмыс істей бастады.

2005 жылы жинақтаған тәжірибесі мен батыл шешімінің арқасында «Адам Cтрой Vаркет» компаниясын құрды. Компания электротехникалық өнімдер, кабельдер мен құрылыс құрал-жабдықтарын бөлшек және көтерме саудамен қамтамасыз етіп, Қызылорда облысындағы құрылыс нарығында жетекші орынға көтерілді. Өңірдегі ірі құрылыс ұйымдарымен сенімді әріптестік орнатты. Компания жеткізген материалдар қаладағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына пайдаланылды.

Кәсіпкерлік аясын кеңейте отырып, Медеу Байманов өндіріс саласына да қадам басты. 2023 жылы «КЗ Сапа Бетон» ЖШС тауарлы бетон және темірбетон бұйымдарын өндіретін зауытын сатып алу жобасын сәтті жүзеге асырды. Зауытты жаңғырту және өндірістік қуатты арттыру мақсатында кәсіпорын «Даму» Қорының жеңілдетілген мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдаланды. «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы арқылы заманауи құрал-жабдықтар мен арнайы техникалар сатып алынып, өндіріс толық модернизациядан өтті. Бұл қаржылық қолдау кәсіпорынның тұрақтылығын күшейтіп, өнім сапасын арттыруға және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары құрылып, өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосты.

Бүгінде Медеу Байманов – тек табысты кәсіпкер ғана емес, қоғамға пайда әкелуді мақсат еткен тұлға. Оның жолы – үлкен жетістікке жету үшін ең бастысы батыл бастама, үздіксіз еңбек және өз ісіне деген сенім қажет екенін дәлелдейтін шабыттандырарлық кәсіп жолы.           

Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, 303

тел: +7 777 004 34 07

инстаграмм: kzsapa_beton